Skip to content

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ

Ата-ана мен мектептің қарым- қатынасы – ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде. Мұғалім мен ата-ананың қарым- қатынасында негізгі рөлді педагог атқарады, өйткені тәрбие жұмысы – оның негізгі мамандығы. Мұғалім ата-аналармен жұмыс істей жүріп, балаға, оның қылықтарына, оқудағы табыстары мен көзқарасына, тағы басқаларға баға беріп отырады.
«Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, са­палы білім, табысты ұлт» атты білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде Оқу- ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру ұйымдарында «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» білім берудің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатқанын атап өткен бо­латын.
– Министрлік оқушылармен, ата-ана­лармен және қоғаммен идеологиялық жұмысты жандандыруға бағытталған 2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасын әзірледі. Барлық білім беру ұйымдарында ата- аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары жұмыс істейтін болады. Олардың ең бірінші басымдығы – бала­ларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту,- деді министр.
Гимназияда «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы жанынан «Даналық мектебі» де өз жұмысын бастады. Мұның ая­сында «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі» сынды шаралар ұйымдастырылып, түрлі қауымдастық құрылды. Бұл жұмыстар оқу жылының соңына дейін жоспарға сай өткізілетін болады
.
Скачать

АҒАЛАР МЕКТЕБІ ⚜️⚜️⚜️«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді дана халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, одан да көп ғасыр жасайды. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты -балада» деген екен. Әке деген сөз – мейрімділік, ержүректік, әдептілік деген ұғымдармен тең. Әкенің бала дүние есігін ашқаннан бастап, оның өсіп дамуына тигізетін әсері маңызды екені баршаңызға мәлім. «Әке – отбасының тірегі», «Әке – асқар тау», деп теңестіреді халық даналығы. Әр бала Әкесі мен анасының махаббатының жемісі болғысы келеді. Бақыты бала тек бақыты ата – анада ғана болады. Бала тәрбиесінде Әкенiң рөлі ерекше. Аға – өзінің соңынан ерген інілері мен қарындастарына тірек, қорғаныш. Аға әр отбасындағы жол бастайтын, өзінен кейінгілерге бағыт бағдар беретін тұлға. Іні мен қарындасы ағасына қарап бой түзейді, қиналғанда ағасын арқа тұтады. Сондықтан да «Ағасы бардың жағасы бар», «Ағаның үйі ақ жайлау» деп арқаны кеңге салып жүреді. Өз кезегінде аға да іні-қарындастарының қуанышына ортақтасып, жығылғанда демейді. Ал іні ағаның артынан ерген із. Бауырым деп бағалайтын қазынасы. Қазақ халқында аға мен іні арасындағы қарым-қатынас – ең ізгі, берік туыстық қатынас. Бүгінгі таңда осы қарым-қатынас өзінің беріктігін сақтап тұр ма? Балалар жасөспірім шағында ағаларының қамқорлығын көріп жүр ме?

Бүгін, «Әкенің берген тәрбиесі – балаға өмірлік азық» атты әкелерге, ағаларға арналған алқалы жиын өтті. Жиында осы мәселе төңірегінде ой бөлісіп, «Аға мектебінің» жұмысын оң жолға қойсақ деген иниетпен жиналдық. Бала – ата-анасының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім болатыны баршымызға мәлім. Ата-ананың үйіндегі әрекеті балаларының көз алдында өтеді, сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

Жиын мақсаты:Мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым-қатынасын нығайту;Отбасының қарым – қатынасындағы сенімділікті және сыйластықты қалыптастыру;Бала тәрбиесінде Әкенiң, ағаның рөлі ерекше екендігін түсіндіру.Жиынның қонақтары:Кабулдинов Айдын Тоқтарұлы – Солтүстік Қазақстан облысы Полиция Департаментінің бастығы;Нұрышев Теміржан Ғалымжанұлы – гимназияның Аталалар мектебінің төрағасы, ардагер-ұстаз.

АТАЛАР МЕКТЕБІ ⚜️⚜️⚜️Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады.⚜️⚜️ Осы орайда Аталар мектебінің жетекшісі, гимназиямыздың ардагер ұстазы Т.Ғ.Нұрышев «Ұл бала – ұлт қорғаны» тақырыбында 7-10 сыныптары үшін кездесу ұйымдастырды.

Мақсаты: Ұлдарға болашақ ел мен жұрттың қорғаны екендігін түсіндіре отырып, зиянды әрекеттерден аулақ болуын, қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстай білуге, мектептің ішкі тәртіптерін дұрыс қолдануға баулу, қылмыстың алдын алу.Кездесуге арнайы қонақтар шақырылды:Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Ж.У.ТажинАрдагер-ұстазымыз – С.Б.Құсайынов.

ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ⚜️⚜️⚜️«Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндер азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын…», – депті ел мақтанышына айналған Б. Момышұлы. “Ұшқан ұя” атты кітабында бесік жырының әлдиін тыңдап өскендігін мақтанышпен айтады.⚜️⚜️Бүгін, Халықаралық қыздар апталығы және “Мен мықты болсам-Қазақстан да мықты” психологиялық онкүндігі аясында “Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы” атты 5-8 сынып қыздары үшін “Шаңырақ-дәстүрге жол” қоғамдық ұйымның белсенді әжелерімен кездесу ұйымдастырылды.

Мақсаты: қыздарға ар-ұят, қыз намысы деген сөздердің мағынасын ұқтырып, өмірде қазақ қызына ылайықты бола білуіне ықпал жасау.

ЖЕҢГЕЛЕР МЕКТЕБІ ⚜️⚜️⚜️“Мен мықты болсам-Қазақстан да мықты” психологиялық апталық аясында және Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндігіне орай “Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы” атты 8-11 сынып қыздары үшін конференция ұйымдастырылды.

Конференция қонақтары:Ювеналды полиция инспекторы – Рамазанова Алина Нуржанқызы;«Жеңгелер мектебі» клубының төрайымы- көпбалалы ана Советбекқызы Айгерім;Гимназия медбикесі-Нұрпейісова Шехерезада Тайкеновна.

Мақсаты:Қазақ халқының әдет-ғұрып салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіру;Қыз балалардың бойына рухани – адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту арқылы тәрбиелеу;Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.