Skip to content

Абай және Мағжан оқуларының қалалық кезеңі

  • by
6 мамыр жалпы білім беретін оқу орындары оқушылар арасындағы Абай және Мағжан оқуларының қалалық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты: ҚР “Тілдер туралы” Заңын жүзеге асыру аясында, Абай және Мағжан мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету. Аталмыш байқауда “Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім” номинациясы бойынша Мағжан атамыздың өлеңдерін жаттқа айтып 5-сынып оқушысы Смайлова Махаббат 1-орынға ие болды. «Жасынан оқу оқып өнер қуған…» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Телекеева Нұрай 2-орын. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы бойынша 11-сынып оқушысы Қарбай Мирас 1 орын “Абайдың қара сөздері” номинациясы бойынша 6-сынып оқушысы Иксатова Ақбота 3-орын, «Көңілім әнді ұғады» Акимбекова Ақбота 2-орын, Тажин Санжар Алғыс хат, «Ұлылар әлемі» эссе жазу бойынша 11-сынып оқушысы Сағындықова Арайлым 2-орын. Облыстық кезеңге өткен Махаббат пен Мирасқа сәттілік тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған