Skip to content

Сафуантану

Көркем сөздің жұлдызы – Сафуан

 Сафуан Шаймерденов(15 сәуір 1922 жыл, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді — 23 ақпан 2007 жыл, Петропавл) — жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы (1995).ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1950).1943 — 45 жылы Солтүстік Қазақстан облысы “Ленин туы” газетінде әдеби қызметкер.1950 — 52 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі болды.“Әдебиет және искусство” журналында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары (1952 — 55).“Қазақ әдебиеті” газеті бас редакторының орынбасары (1955 — 56).Қазақстан Жазушылар одағында проза секциясының меңгерушісі (1956 — 58), хатшысы (1961 — 63).“Мәдениет және тұрмыс” (қазіргі “Парасат”) журналында бөлім меңгерушісі (1958 — 60).Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінде репертуарлық коллегияның бас редакторы (1971 — 76) болып істеді.1976 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысты.Алғашқы көркем шығармасы — “Болашаққа жол” романы 1953 жылы жарық көрді. Романда Қазақ университетінің зиялы қауымы — профессорлары, оқытушылары және студенттерінің өмірі суреттеледі.Ол “Инеш” (1958) романы деп аты ауысады.“Мінез” (1960)“Мезгіл” (1964)“Таныс көрші” (1965)“Қарғаш” (1967)“Жыл құсы” (1969)“Сыбызғы сазы” (1971)“Өмір нұры” (1972)“Селдің екпіні” (1977)“Мәжнүн тал” (1980)“Әдеби толқындар” (1985)ҚР Мемлекеттік сыйлық иегері (1988).Р.Тагор кітаптарының аудармасы үшін Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлық берілді (1982).“Құрмет белгісі” орденімен, медальдармен марапатталған.«Отан» орденін ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 1994 жылы тапсырдыПетропавл қаласының құрметті азаматы Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің қатарында Сафуан Шаймерденовтың әдеби мұрасының алатын орны ерекше. Жазушының қаламынан туған романдары мен повестерi — әдебиетiмiздiң алтын қорына енген туындылар.Жалпы, жазушы шығармаларының эстетикалық талғамы, көркемдігі туралы айтар болсақ, Сафуанның суреткерлік табиғатына тән айрықша алты сипаттың бірқатары туралы академик З. Қабдолов былай деп жазды:

«Үшіншіден, Сафуан – мәдениетті жазушы. Әдеби туындының құны, баураған күші эстетикалық сипатында жатады. Эстетика – әдемілік туралы ілім. Ал әдебиеттің бас қасиетінің сарқып құяр сағасы – сұлулық. Олай болса, әдебиеттің эстетикалық дәрежесі биік болуы шарт. Әдеби шығарма сұрықсыздық емес, сұлулыққа суарылуға тиіс. Жастарды еліктірудің жөні осы екен деп, искусствоны порнографияға айналдырып жүрген жекелеген жеңілтектерге қарама-қарсы, Сафуан әрқашан адамның ажарын, асылдығын, жан сұлулығын суреттеуге бейім. Бұл – мәдениетті жазушыға тән мінез.
Төртіншіден, Сафуанның қай шығармасын алсақ та күн шуағы секілді жылы, нәзік лиризмге толқып, төгіліп тұрады. Бұл оның сыршыл суреткер екенін танытады.
Бесіншіден, Сафуанның қай шығармасын алсақ та таза, тұнық парасат бар. Ал интеллект әдеби шығармаға ауадай қажет».
Міне, осы аталған қасиеттердің барлығы да Сафуан Шаймерденовті қазақ әдебиетінің өз перзенті, қазақ прозасының құнарлы топырағына нық, нығыз қағылған қазықтардың бірі ретінде танытары сөзсіз.
Жалпы, әдебиет теориясында өнердегі эстетика мен көркем шығармадағы эстетиканың ара-қатысы туралы көптеген пікірлер бар. Дегенмен өнер шынайылықты толықтыра отырып, оған жинақылық береді, эстетикалық құндылықтарға қайтадан жаңа леп, жаңа өмір береді.
Әдебиеттанушы В.Е. Хализев өз зерттеулерінде:
«Өнердегі эстетикалық және көркемдік шынайылықтағы эстетикалықтың арасы әр қилы түсіндіріледі… «Өнер әдемілікті тудырады» тезисінің шынайылығына, жалғандығына күмән келтіріп, эстетикалық құны төмендеп, әдемілік әлемді құтқарады деу әдеби құндылықтарды дүниеге әкеледі және өнер әдемілікті тудырмайды, әдеміліктің өзі»,-деп жазды.
Әдебиеттегі эстетика мәселесі қашан да көркем туындыдағы образ жасаудағы жазушының ізденістері, әдемілік, әсемдік туралы ойларды жинақтаудағы шеберлік ретінде аталары сөзсіз. Әдебиеттанушы ғалымдардың бірі Л.И. Тимофеев көркем бейненің эстетикалық мәні туралы:
«Эстетикалық сезім — өнер әлеміне енген адамның ерекше эмоционалдық көңіл-күйі. Өнердің негізінде әдемілік туралы түсінік бар, яғни, адам үшін ерекше құнды, ерекше мәнді ұғым».
Міне, адамзат пен өнер, адам мен жазушы төңірегіндегі эстетикалық әдемілік пен көркемдік ең құнды, ең мәнді ұғымдар саналады. Әсіресе, бұл ұғымдар әдебиеттегі образ жасауда ерекше маңызды, өйткені, образ қашан да жазушының оқырманына ұсынатын идеалы, яғни, жинақтала сомдалған образы.
Осы тұрғыда әдебиет теоретигі Л.И. Тимофеев образдың эстетикалық мәнінде адам идеалдарының нақты көрініс табуы жатыр. «Идеалдың сомдалуы бұл өмірдегі әдеміліктің өзі» деп жазады.
Қазақ прозаиктерінің қатарында «ең мәдениетті жазушы» атанып, эстетикалық қуаты мол туындыларды дүниеге әкелген жазушы Сафуан Шаймерденовтың көркем туындылары өн бойындағы образдары сұлулығы менде, сыпайылығымен де, әдептілігімен де оқырманын байрап алады. Жазушы қаламынан туындаған Инеш, Әспет, Қарғаш т.б. образдардың қай-қайсысы болмасын жылылықтың, әдеміліктің, әдептіліктің өзіндей.
Міне, жазушының сондай көркем образдарының бірі «Мәжнүн тал» повесіндегі Әспет. Жазушы Әспет образына қазақтың жас әйеліне тән әдептілік, биязылық, әдемілік, әсемдік, өткірлік, алғырлық сияқты толып жатқан эстетикалық талғампаз қасиеттерді жинап береді. Оның өзін шебер сюжетпен қиюластыра, жанастыра сипаттап, баян етеді.
Жазушының «Мезгіл» хикаясындағыдай «Мәжнүн тал» повесінің кейіпкерлері де қара жол үстінде таныс болады. Бұндай кездесу жайын жазушы:
«Ал мынау кездесу мүлде бөлек: таласа келді де, кетерінде жөнін де айтпады. Кереметі – сабырлы деген бағданның өзі қол жұмсап та қала жаздады. Сөйткен жігітің енді қоңылтақсып, жүдеңкіреп қалды. Әлгінде ғана қарсы отырған, қарсы отырып алып, мұның бар болмыс-қасиетінің борша-боршасын шығарған сұңғақ бойлы талдырмаш қыз көңілдің ойранын шығарып кеткендей. Даусын сағынды. Тостағандай қара көзіне, аппақ мінсіз келбетіне қарағысы келді. Бірдемені ести алмай, бірдеңені көра алмай қалған секілді. Естігісі, көргісі келді»,- деп жазады.
Жазушы Сафуан Шаймерденовтің көркем туындысындағы творчестволық фантазия осынау сюжет желісіне тағдыры мен өмірі әр қилы жандарды кезіктіреді, бір желіге байлай отырып, олардан эстетикалық талғамы қуатты образдарды сом шығарады. Осы тұста академик З. Қабдолов:
«Творчестволық фантазия, яки ойдан шығару шығармада суреттелер шындықтан шалғай жатқан оқыс нәрсе емес, сол шындықты сұрыптау, саралау тәсілі, шындыққа суарылған адам тұлғасын әрі жинақтау, әрі даярлау тәсілі»,-деп жазады.
«Мәжнүн тал» туындысының көркемдік қуаты оның осындай эстетикалық талғамының жоғарылығында. Жазушы өзі де, жаны да таза, әдемі Әспетті суретші Бағданға осылайша кезіктіреді.
«Поезд Жамбылға келді. Бағдан бой жазайын деп сыртқа шығып еді, осы вагон алдында бір топ жастар тұр екен. Кімдер екенін бұл танымаса да біреулері бас изеп амандасқандай болды. Әрі өтіп бара жатқанда: «мынау бағдан ғой. Қазіргі суретшілердің ішінде ауызға жиі ілініп жүргені» – деген сыбырды құлағы шалып та қалды».
Иә, суретші образы – өнер адамының образы. Әдемілікті, әсемдікті қаламына өрнектегісі келетін жас суретші Бағданның өміріне ойда-жоқта енге әспет-тағдырдың сыйы. Тазалықтың сыйы. Кейіпкерлердің кездесуі де ерекше әсем.
«Өзіне деген осы бір ырзалығымен біршама перронда жүріп купеге келсе, қарсы орында жайғасып жатқан бір қызға көзі түсті. Шамасы әлгі топ осы қызды шығарып салған болу керек, бағдан кіргенде бұл сыпайылықпен бері бұрылып, сәл жымиып, сәлем етті».
Көркемсөзші метафора тәсілін сәтімен пайдаланады. Артық сөз, артық бояу жоқ. Барлық суреттеу, барлық сипаттау нақ, жинақы, әрі көркем.
З.Қабдолов әйгілі «Сөз өнерінде» мінезге былайша сипаттама береді: «Мінез – адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы».
Сафуан Шаймерденов шығармасындағы «мінез» образға апаратын, сол образды қалыптастыратын басты көрсеткіш. Мұнда Әспет образы қаншалықты алыстай түссе, ол соншалықты ыстық. Осындай шеберлігімен де Сафуанның шығармасы оқырманына жылы жол тапты. Әспет суретшіден алыстап кеткенімен, оның рухында, өмірінде, жанында өмір сүреді. Қай жағынан болмасын, оқырман бірі өнер жолындағы, бірі сол өнерді бағалау жолындағы жандарға ниеттес болып қала береді.
«Қоштасарда тұғыш рет қолын ұстады. Жып-жылы, жұп-жұмсақ. Қанша салалы десең де, жігіт алақанына сүңгіп кеткен кішкене қол дүрс-дүрс соққан жүректің өзіндей, тамырлары лүп-лүп етіп, біршама тұрып қалды. Босанбақ болып болмашы қарсылық жасап еді, оған жігіт алақаны көнген жоқ».
Туындының өн бойындағы жылылық, әдемілік, әсемдік, әдептілік бас кейіпкерлер қоштасып қол алысқанымен, ешбір үзіліп қалмайды. Бұл — өмірдың жылылығы. Бұл — өмірдің нұры.
Жазушы шеберлігінің бір қыры осы «кездесу-қоштасу» қарекетінің маңына образды әсемдеп оюлап, көркемдеп өрнектей алуында.
«Ғаламат! Кездесу деген әр қилы болады екен ғой. Бір кездесу бар: сондай сыпайы. Сондай сұлу. Әңгімелестің, әзілдестің де. Қабақ шытқан бірің жоқ. Қоштасуың да сондай әдемі. Тіпті аты-жөндеріңді айтыстыңдар. Адрес, телефондарыңды берістіңдер. Поезд жүре берді. Купеге кірдің. Кіре салысымен газетке немесе кітапқа үңілдің, не далаға қарадың. Жаңағы адамыңның тіпті көлеңкесі де жоқ көңіліңде. Көзден таса – көңілден ғайып».
Көңілде жатталып, жүрекке ұялап алар образды жасау С. Шаймерденовтың шығармашылық лабораториясынан туындаған көркемдік деуге келеді.
Осы тұрғыда «әр жазушының творчестволық лабораториясын зерттеген адам оның шындығын көркем жинақтау, яки, әдеби бейнелерді типтендіру әрекеті, көбіне, әр типке прототип табудан басталғанын байқар еді» дейді З. Қабдолов.
Шынтуайтында, С. Шаймерденов образдарына өмір берген, сол өмірді эстетикалық талғампаздықпен нәрлендірген жазушы ретінде таныла бермек.
Сафуан Шәймерденовтың 94 жылдығына арналған салтанатты жиыннан көрініс

   Сафуанның кітап көрмесі


5-сынып оқушылары Сафуанның аналары мен әкесіне арналған монологтерін жатқа айтуда


“Автограф” әңгімесі желісімен қойылған көрініс


“Автограф” әңгімесі желісімен қойылған көрініс


“Автограф” әңгімесі желісімен қойылған көрініс


“Автограф” әңгімесі желісімен қойылған көрініс